Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

0 168

Қазақ халқы  ізгіліктің іргетасын –әділдік, ал биліктегі әділдіктің басты өлшемін адам құқықтарының теңдігі деп білмей ме? Міне, бұл нақыл сөздің дәлелі ретінде берік қағидалы Ата заңымызды айта ала аламыз. Еліміздің Конституциясында  әр азаматтың білікті заң көмегін алуға  құқығы бар деп баса айтылған. Осы орайда Қазақстан  Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 26 шілде 2007 жылғы № 310 Заңыныңжылжымайтын мүлікттерді тіркеу кезінде қолданылуын халыққа біраз түсіндіреп өтейін.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу – жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де обьектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі тіркеуші орган)  Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электронды түрде көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 118 бабының талаптарына сай жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы аталған Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

Тіркеушіорган Қазақстан  Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау, жасалатын мәміленің және жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру қажет.

Ал, Заңның 24 бабының (Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар)2 тармағынасәйкес, жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне  құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тиісті түрде ресімделуі, мөрмен бекітілуі, арнайы бланкілерде орындалуы, оларда  тараптардың немесе заңнамада айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолдары болуға тиіс.  Соттардан, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар  тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс.

Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда құқық белгілейтін және өзге де құжаттар нотариат тәртібімен куәландыруға тиіс.

 Сонымен қатар,  тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер мен немесе өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.

 Құқық белгілейтін құжаттар тіркеу парағына енгізілетін құқық иелері туралы, тіркелетін құқық (құқық ауыртпалығының) түрі туралы мәліметтерді, мекенжайды, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде), сондай-ақ құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін қажетті жылжымайтын мүлік обьектісі туралы деректерді қамтуға тиіс.

Мемлекеттік тіркеу жүргізілгенін куәландыру  электрондық тіркеуді қоспағанда, тіркеуші орган жүргізілген тіркеуді тіркеуге үсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті.  Ал жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде –мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама арқылы расталады.

Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету   «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 32 бабының талаптарына сай тіркеуші органның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша, осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін. Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде жүргізілсе және түзетулер осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты болса, осы орган мұндай құжата тиісті өзгерістер енгізген кезде ғана қателерді түзетуге жол беріледі.  Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазбаларды енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Осы жоғарыда айтылған қысқаша мазмұнды заң талаптарын айта кетіп тіркеуші органының қызметкері ретінде біршама азаматтарға құқықтық көмек көрсетсем өз құқықтарын жылжымайтын мүліктеріне қатысты заңзастыру кезінде біліп журер. Ал азаматтардың құқықтық санасы жоғары болған сайын, заңдық нормалар да нақты орындалады. Дамыған құқықтық сана құқықтық талаптардың ерікті жүзеге асырылуын, азаматтардың сол талаптардың дұрыстығы мен зерделігін түсінуін қамтамасыз етеді. Дамыған құқықтық сана тұлғаның жалпы және құқықтық мәдениетінің кепілі.

Г. Науанова, 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және

жер бадастры бөлімінің бас маман-тіркеушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.