«Жуалы» колледжіне су жаңа техникалар әкелінуде

0 190

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. «Жас маман» жобасы  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізілуде.

Жуалы колледжді аталған жобаға фермер шаруашылығы бейіні бойынша «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисті» мамандығымен қатысып, ұтып алып отыр.

Бүгінгі таңда жоба жеңімпазы болған оқу орындарының материалдық-техникалық базасы  заманауи талапқа сай жабдықталуда.

№16 Жуалы колледжіне жоба аясында 364 млн теңгеге қажетті техникалар жеткізілуде.

– Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ауылға, жастарға деген үлкен қамқорлығы деп білемін. Мұндай мүмкіндік бұрын-соңды болмаған. Жобаның мақсаты — сұранысқа ие мамандықтар бойынша әлемдік бәсекеге қабілетті жас мамандарды дайындау. Осы мақсат аясында оқу орынының білмгерлеріне барлық мүмкіндіктер жасалады,- дейді колледж директоры Медет Иманбеков. -Жоба бойынша аудандық қазынашылық басқармасы арқылы жеті лот ойнатылып,  төртеуі бойынша тиісті техникалар жеткізілді. Екі лот қарауда. Бір лот бойынша жеңімпаз техникамызды алып келе жатыр. Жақын арада колледжімізге келіп қалады.

Жалпы бүгінгі таңда John Deere 6195 M маркалы трактор, Deutz-Fahtz Agroton L7 маркалы трактор, жүк тиегіш (экскаватор-погрузчик), жүргізу тренажеры (тренажер-симулятор вождения), механикалық шеберхана (слесарно-механическая мастерская), Астра СЗТ — 3,6 А маркалы дән сепкіш, Sipma Z 224 маркалы пресс подборщик, PRONAR N672 маркалы тіркеме, қайтымды қондырғылы соқа (оборотный навесной плуг 5 кс), арнайы технологиялар кеңсесіне арналған LED экран әкелінді. Бұр техникалар бірі Германиядан, бірі Түркиядан, Украинадан, тб, мемлекеттерден әкелініп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.