Жуалы ауданында бірқатар әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді
Жаңа жыл қарсаңында Жуалы ауданында әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау елді мекенінде бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункт 25 адамға арналған. Денсаулық сақтау нысанының ашылу рәсіміне аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев және жауапты басшылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Өз сөзінде аудан басшысы қарабастаулықтарды аталған ғимараттың ашылуымен құттықтап, осынау нысанның құрылыс жұмыстарын кезінде аяқтаған «Синдикап групп» серіктестігіне алғысын білдірді
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Жалпы, түктібайлық ағайын жаңа жылды зор қуанышпен қарсы алуда. Елді мекендегі тозығы жеткен №12 М.Әуезов атындағы орта мектепке жапсарлас 150 балаға арналған жаңа ғимарат бой көтерді. Шын мәнінде, бұл ғимараттың құрылысы 2025 жылға өтпелі болатын. Алайда, мердігер компания «БИНОМ» серіктестігі құрылысты биылғы оқу жылында аяқтап, ауылдықтардың алғысын алды. Атап өтерлігі, жоба бойынша жаңа ғимарат соғылып, ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткен. Оған қоса екі ғимараттың ортасы фойе ретінде біріктіріліп, гардероб жасалған. Дегенмен, фойе жобада көрсетілмеген. Сондықтан, фойе мердігер компания есебінен мектепке сый ретінде салынған.
Ұлу жылы Тасбастау және Ынтымақ ауылының тұрғындарының есінде ұзақ сақталары анық. Себебі, қос ауылда да фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, жергілікті тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттырды. «Синдикап групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысын жүргізген жаңа нысан бір мезетте 15 келушіні қабылдай алады. Атап өтейік, биыл пилоттық жоба шеңберінде аудандағы 5 елді мекенде жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді.