Жуалы ауданында агросала алшаң басып келеді

0 132

Елі шырайлы, жері шұрайлы, құт қонған қасиетті өңір Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жыл санап артып келеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың егістік алқаптарын ұлғайту, шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету, инновациялық технологияларды көптеп енгізу, егісті әртараптандыру, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, диқандарды сапалы тұқыммен қамтамасып ету сынды салаға серпін беру мақсатында берген тапсырмалары өз деңгейінде орындалуда.

Жуалы ауданының 2021 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштеріне көз жүгіртсек, көп салада ілгерілеушілік бар екені байқалады. Атап өтер болсақ, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 8 миллиард 693,5 миллион теңгені құраған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 179,0 миллион теңге «НКИ 100,0 пайыз», мал шарушылығы өнімі 8 миллиард 512,1 миллион теңге «НКИ 101,1 пайыз»), (2020 жылдың 6 айында 8144,9 миллион теңге) немесе нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрапты.

Ағымдағы жылдың жарты жылдығында ет, сүт өндіру көлемі де артыпты. Ет өндіру тірі салмақпен 6430,1 тоннаны құраған. Ал 2020 жылдың есепті кезеңінде 6341,7тонна өндірілген. Сондай-ақ сүт өндіру 20 536,1 тоннаны құраған. (2020 жылы 20 363,5 тонна). Тұқым 1 945,7 мың дана (2020 жылы 1 956,0 мың дана) өнім алып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,4 пайызға, сүт өнімі 0,8 пайызға, тұқым өнімі 0,5 пайызға артқан.

Ауданда жыл санап төрт түлік саны да артып келеді. Аудан шаруалары мемлекеттік бағдарламалар аясында мал басын көбейтіп, табыс тайқазанын тасытуда. Әсіресе шаруашылық төрағалары төрт түлікті асылдандыруға көп күш жұмсап жатқанын айта кеткен жөн. Әрине мал басы көбейгеннен кейін де өндірілетін өнім де арта береді.

Жуалы ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда өңірде мүйізді ірі қара саны 53 627 басқа жетіпті. Ал өткен жылы Зеңгі баба төлінің саны 51 573 бас болған. Сол секілді қой-ешкі 274 117 басты құраған (2020 жылы 265 066 бас) 2020 жылы жылқы саны 13471 болса, биыл 14 513 басты құрап отыр. Сондай-ақ шошқа 253 бас (2020 жылы 400 бас), құс 136 007 басқа жеткен (2020 жылы 133 880 бас). Мал басы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,0 пайызға, қой мен ешкі 3,4 пайызға, жылқы 7,7 пайызға, құстар 1,6 пайызға артып отыр.

Егер ауыл шаруашылығы саласы дамыса, елдің ырысы да еселенеді. Сондықтан да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агросаланың дамуына ерекше мән беріп, алға үлкен мақсат-міндеттер қоюда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.