Жириновскийдің жағдайына қатысты ресми мәлімет жарияланды

0 982

Қазақстанға қатысты мәлімдемелерімен атышулы саясаткердің өлгенін бұған дейін жоққа шығарған РФ мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин, бүгін оның өмірден кеткенін айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды», — деп жазды дума спикері.

Жалпы 8 рет екпе жасатса да, 2 ақпанда коронавируспен ауруханаға түскен ЛДПР жетекшісі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, омикрон штаммы диагнозы қойылды. 1946 жылдың 25 сәуірінде Алматыда туып, 1964 жылы Ресейге кеткен ол Қазақстанда шовинистік мәлімдемелерімен танымал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.