Жастар саясаты мәселелері бойынша аудан жастарымен кездесу өтті

0 66
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың тікелей тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа аудан жастарымен кездесті.
🔰 Ә.Бүркітбаев ауылында өткен «Жастар – жарқын болашақтың жаршысы» атты кездесуде жастарды толғандыратын өзекті мәселесін шешуге ықпалдастық жасау, ауданның дамуына үлес қосатын мәселелерді талқылау, жастардың салауатты өмір салтын сақтап ұстануына атсалысу мәселелері бойынша қатысушы жастар сұрақ-жауап арқылы еркін пікір алмасты.
✅ Сондай-ақ, кездесу барасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға негізделген «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы, мемлекеттік грантқа құжат тапсыру, Жастар ресурстық орталығының 7 айда атқарылған жұмыстары жайында ақпараттар айтылып, деректер келтірілді.
Сарысу ауданында бүгінгі таңда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 10664, яғни аудан халқының 23,4% пайызын жастар құрап отыр.
♻️ Шара соңы «Спорт — денсаулық серігі» атты спорттық сайысқа ұласып, жастар арасында дойбы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір тасын көтеру, арқан тартудан кіл мықтылар бақ сынасты.
Әр ауылдық округтен 6 команда қатысып, нәтижесінде І орынды – Игілік, ІІ орынды – Жайылма, ІІІ орынды Тоғызкент ауылдық округінің жастары иеленіп, жеңімпаздарға арнайы марапаттар табыс етілді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.