Жасампаз жастар жұмысы жалғасуда

0 202

Жастар – ел ертеңі. Сондықтан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында да жастар саясатын назардан тыс қалдырған жоқ.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдаудың арқасында жастарға қатысты түйіні тарқатылуға тиісті мәселелер оң шешімін тапты. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жастарын тәрбиелеу мақсатында облысызда жасалып жатқан жүйелі жұмыстар жетерлік.

Жалпы ағымдағы жылдың жартыжылдығында өңірімізде мемлекеттік жастар саясаты туралы Заң мен мемлекеттік жастар саясатын жастар арасында жүзеге асыру аясында 11 бағыт бойынша 4225 іс-шара өткізіліп, оған 106795 адам қамтылыпты. Атап өтер болсақ, «Рухани-адамгершілік», «Әскери-патриоттық», «Спорттық», «Мәдени-шығармашылық», «Құқықтық», «Діни», «Психологиялық-танымдық», «Жастарға кеңес беру», «Экологиялық мәдениет», «Этносаралық келісім», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытында мән-маңызы жоғары, тағылымы зор шаралар ұйымдастырылған.

Бір ғана «Рухани-адамгершілік» бағыты аясында барлығы 15655 адамды қамтыған 695, «Әскери-патриоттық» бағыты аясында барлығы 5984 адамды қамтыған 252 іс-шара өткізілген.

Аудан жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында «Спорттық» бағыт бойынша 341 шара ұйымдастырылыпты. Нәтижесінде облысымызда тұрақты түрде спортпен шұғылданушы жастардың да қатары арта түскен.

Басқарма және басқа да жауапты сала мамандарының бірлесе атқарған жұмысының арқасында өткен жылдармен салыстырғанда аймақта жастар арасындағы қылмыс әлдеқайда азайған. Себебі басқарма тарапынан жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілген. 2021 жылдың 6 айында «Құқықтық» бағыт аясында барлығы 9376 адамды қамтыған 420 іс-шара жоғары деңгейде өткізілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланғаны баршаға мәлім. Жастарға серпін сыйлаған «Волонтер жылы» шеңберінде елімізде, облысымызда игілігі мол іс-шаралар атқарылды. Ең маңыздысы, бүгінгі таңда еріктілердің жұмысы жолға қойылып, жыл санап жанданып келеді. Мәселен ағымдағы жылы облыс еріктілері індетпен күресте алдыңғы шептен табылып, қиналғандарға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, шарапаты мол жұмыстардың басы-қасынан табылды. Коронавирусқа байланысты қиындықтар қос бүйірден қысқанда еріктілер мүмкіндіктеріне қарай кедергілерді жеңуге сүбелі үлесін қосты.

Облысымызда волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында Тараз қаласы мен аудандарда ағымдағы жылдың 6 айында «Білім», «Саулық», «Сабақтастық», «Асыл мұра», «Қамқор», «Үміт» және өзге де бағыттар бойынша 39113 адамды қамтыған 1250 іс-шара өткізілген.

Басқарманың тындырымды тірлігі, ілкімді істері салаға әлі де соны серпін сыйлайды деген үміттеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.