Жасампаз жобаның жемісі

0 665

Мемлекет басшысы-Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы республика көлемінде алғаш рет Жамбыл облысында ғана өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасын биылғы жылы қайта өткізу жоспарланды.
Бұл жоба өз жемісін беріп, барлығы-1144 іс-шара ұйымдастырылды. Жобаға 30 мыңға жуық адам тартылды. 1919 азаматтың мәселесін шешуге көмек берілді. 709 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 236 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Жемісті өткізілген жоба биылғы жылы 7 ауданда 1 наурыздан басталды. Бүгін Сарысу ауданында.
Жобаның жұмыс тобы құрамына облыс аумағындағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен қатар басқармалардың мамандары енгізілді.
Жобаның негізгі мақсаты облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру мен медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін көтеру, азаматтарға арналған жылжымалы қабылдау өткізу, әлеуметтік мәселелерін шешу, үйме-үй жүру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халыққа несие беру бойынша кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешу, заң аясында көмектесу, бизнесті қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.
Шешілмеген мәселеріңіз бен көкейде жүрген сұрақтарыңыз болса аудандарыңызда ұйымдастырылатын жобаның жұмысшы тобымен кездесу мүмкіндігі бар.
Осыған орай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» атты ашық алаң эстафетасы бүгін Сарысу ауданында жалғасын тапты.
Мәдениет үйінің кіре беріс фойесінде ұлттық киім киген қыздар жалаушалар ұстап,
келген қонақтарды қарсы алып тұрды. Этно – мәдени орталықтарының көрмесін
келген қонақтар тамашалады.
Көрермен залда төтенше жағдайға байланысты орындықтарда арақашықтық белгілері сақталған. Сахна ЛЭД экранында іс-шараның тақырыбы жазылып, шар, гүл шоқтармен безендірілген. Отансүйгіштік рухта музыка ойналып тұрды.
Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін, көп ұлтты Қазақстан
халқының жарастығы мен ынтымағын нығайту жолында өткізіліп жатқан шараның негізі мақсаты да осы өскелең ұрпаққа толеранттылық сезімін, тілін, дінін, айнымас достығын және бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.
Сахна төрінде Құрманғазының күйі «Балбырауынды» Балалар өнер мектебінің, домбыра классының оқушысы, орыс отбасында тәрбиеленіп отырған Жомартұлы Тамерлан құйқылжыта орындады.
Содан соң, «Ұлы даланың Ұлы тілі» атты
мерекемізді жалғастыру үшін сөз – жеті дүркін облыс чемпионы, бес дүркін Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Сарысу ауданының дзюдо жаттықтырушысы Елена Галеева және «Евро Хим» — Қаратау жекешаруа серіктестігінің кадр бөлімінің жетекші маманы Қашқынбекова Натальяға берілді.
Мемлекеттік тілді меңгеруі – олардың өсуіне оң әсерін тигізіп,
мүмкіндік тудырған әртүрлі этнос өкілдері, ұлтаралық қатынас тілі ретінде толыққанды жұмыс істеуі үшін қазақ тілін одан әрі дамыту мақсатында, мемлекеттік тілдің ролін күшейтіп, ұлтаралық қатынас ілгеріленіп, дамып келеді. Олай болса этно – мәдени орталықтарының жетістіктері жөнінде видеослайд көпке таныстырылды.
Сондай-ақ, этно — мәдени орталықтарының жетістіктері жөнінде видеослайд ЛЭД экран арқылы көрсетілді.
«Наурызға тарту» өлеңін неміс мәдени орталығының
жетекшісі Вайс Лилия Петровна нақышына келтіріп оқыды.
Сахна төріне қошеметпен, Қырғыз ұлтының өкілі, Тәуелсіздігіміздің жетістіктерін сүйіспеншілікпен
еліміздің төл мерекелерінде көпшілік алдында оқып, ел рухын
көтеріп жүрген ақынжанды, ауданымыздың жастарына үлгі болып жүрген ел ағасы Сатыбеков Алтай Абдрахманұлы шақырылды.
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту
аясында Жамбыл облысының ұйымдастыруымен өткен «Жамбыл жырлары» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен
байқауға Алсу Фахрудинова қатысып, облыстық білім
басқармасының арнайы «Дипломымен» марапатталды.
СахнағаТатар ұлтының өкілі Алсу Фахрудиннованы «Артықша туған азамат» өлеңімен шақырылды.
Сонымен қатар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық
мерейлі мерекесіне орай күрд ұлтының өкілі, Айдарова Мадинаның «Өмір сүріп алмасайық» атты өлеңімен жиылғандарды тәнті етті.
Қазақстан Респубдикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» 20 –ға жуық кітаптың авторы.
Отанға, жерге, туған елге, тіпті өзен, көлі мен тамаша
табиғатын жырлап өлең жазған Ахметова Күләш анамыз мерейлі 75 жасқа толғаны да назардан тыс қалмады.
Күләш анамыздың «Ғашықпын мен» атты өлеңін
орыс ұлты өкілі Анна Сергеевна К.Ахметованың өлеңін оқыды.
Сарысу ауданының этно – мәдени орталықтарының жетекшілерін қошеметпен сахна төріне шақырылды.
Олар: Вайс Лилия Петровна – Сарысу ауданы «Возраждение» неміс этно – мәдени орталығының жетекшісі, Касаткина Ольга Васильевна – Сарысу ауданы «Радонеж» орыс этно – мәдени мәдени орталығының жетекшісі, Ахметова Сейне Темірбекқызы – Сарысу ауданы «Манас» қырғыз этно – мәдени орталығының жетекшісі, Тен Роза Алексеевна – Сарысу ауданы «Корие» корей этно – мәдени орталығының жетекшісі.
Айдаров Камал Абдулқадірұлы – Сарысу ауданы «Барбанг»
күрді этно – мәдени орталығының жетекшісі, Тілегенова Ділбар Баратқызы – Сарысу ауданы өзбек этно — мәдени орталығының жетекшісі, Қожаназарова Светлана Ерғалиқызы – Сарысу ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық кеңесінің төрайымы, «Әулие — ата» қазақ этно – мәдени орталығының жетекшісі.
Көркемдік жетекші.К. Байтұрсынова, сценарийді жазған. Б.Талпақова.
Көңілді әрі мағыналы өткен шарада «Достық биін» орындаған – «Айжанқыз» би ұжымы, «Туған елім!» әнін аудандық мәдениет үйінің әнші қызметкерлері орындады. Қазақта «Отаны бірдің — тілегі бір, жүрегі бір»деген жақсы сөз бар. Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз!
Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» атты ашық алаңы эстафетасын Сарысу ауданы аяқтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.