Жаңарған көше, тазарған аула

0 227
Жаңатас қаласы бойынша 10 жерге балалар ойын алаңшасы, 20 жерге жаттығу алаңшалары, 6 жерге кіші футбол алаңшасы орнатылатын болады.
Қазіргі таңда мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Күннен күнге жаңарып келе жатқан Жаңатаста кейінгі кездері көркі көз тартар заманауи ойын алаңшалары орнатылып, тұрғындардың қуанышын еселей түсті.
Алдағы уақытта елдімекен аулалары да жарқырап, жаңа кейіпке енетін болады.
Әсіресе, бұл үшін ойын балаларының көңілдері көтеріңкі.
Балалар қуанышын басты бақытымыз деп бағалайтын Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан көлемінде игі істердің атқарылуына ерекше көңіл бөлуде.
Қала ішіндегі ойын алаңшалары мен спортпен шұғылданатын орындардың тазалығы мен сапасы әркез аудан әкімінің назарында.
Бұл жолы да аралап шығып, қала көркіне көрік қосу, аудан әлеуметін асқақтатудың жаңа жоспарларын ойлаған аудан басшысы қала, ауыл басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.