Жаңаөзендік мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілдеуде

0 602

«Кезби» ЖШС жұмысшылары ереуілді 19 сәуірде басталған  және әзірге оны тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ, – деп хабарлайды kaz.orda.kz.

«Кезби» ЖШС мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары екінші аптадан бері өндірістік база ғимараты алдында ереуілге шығып жатыр. Ереуілшілердің айтуынша, олардың саны 400-ге жуық және жұмысшылардың тек 10 пайызы ғана жұмысын жалғастырған.

Олардың басты талабы – жалақыны 20 пайызға көтеру, 12 сағаттық жұмыс күнін енгізу және штатты «Өзенмұнайгаз» АҚ ұжымына беру. Мұнайшылардың талабын ешкім қанағаттандырмағандықтан, ереуіл жалғасуда, деп хабарлайды Lada.kz порталы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.