Жаңа мешіт бой көтерді

0 203

Шу қаласы Тоғай мөлтек ауданында тұрғындардың демеушілігімен сыйымдылығы 250 адам болатын жаңа мешіт пайдалануға берілді. Аталған құлшылық үйінің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов, Жамбыл облыстық «Һибаттула-Тәрәзи» мешіт имамының бірінші орынбасары Бақытұлы Нұралы қатысып құттықтау тілектерін жеткізді.
— Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде «Мешіттер рухани және мәдени ағарту орталығы болуы керек. Біз ата-бабадан жеткен салт-дәстүріміз бен өнегелі өз жолымыз бар Ел екенімізді есімізден шығармауға тиістіміз» — деген болатын.
Мешіт мұсылмандар үшін, оны мыңдаған жыл бойы тұтынған қазақ халқы үшін қастерлі орын.
Еліміз егемендік алғалы 30 жыл ішінде тілін, ділін, дінін нығайтып, рухани тұрғыда кемелдену жолына мықтап ден қойды. Бүгінгі күнге аудан аумағында ашылғалы отырған, 29-ші мешіт болмақ.
Айта кетерлік жайт, бұл осы мөлтек ауданда тұратын болашаққа байыппен қарап, иманын бекемдеуге бет бұрған жамағаттың күшімен соғылған рухани орда-деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.