Жамбылдық студенттер шетелдік мамандардан дәріс алуда

0 252

Халықаралық Тараз инновациялық институтының халықаралық мәртебеге ие болуына байланысты білім ошағына шетелдік ғалымдар арнайы шақырылуда.  Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурықовайтты.

Атап айтқанда Болгария мемлекетінің «София» университетінен Николай Бюклиев Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры  қызметін атқаруда.  Сонымен қатар, Туркия Республикасы «Стамбул» университетінің профессоры Эмин Оба шақырылған.

Сонымен қатар бүгінгі таңда сметалық құны 500 миллионды құрайтын институттың бас ғимараттының құрылысы жүргізілуде. Және 20 миллион теңгеге шағын консервілеу зауыты сатып алынып, іске қосылған.

«Институтта агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы жанынан «Аквакультура және су ресурстары биологиясы» зертханасы ашылды. «Балық шаруашылығы» білім беру бағдарламасы Реестрден өтіп, лицензия алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша отандық көрнекті ғалымдар  шоғырлануда. Бұған қоса, Бесағаштан «Форель» балығын өсіру жұмыстары  қолға алынды» — деді институт ректоры.

Қазіргі кезде институттың білім платформасы «portal.tigu.kz» студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына қызмет етуде.  Халықаралық Тараз инновациялық институтының WEB-сайты ұйымның атауы өзгеруіне байланысты www.htii.kz домендік есіммен жаңа сайт іске қосылған.

«2020-2021 оқу жылында жалпы 7131  білім алушы және 754 магистрантты құрады.2020 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші  76% пайыз болды»,-деді Ерболат Саурықов.

Сондай-ақ спикер ақылы негізде қабылданған студенттердің кейбір санаттарына әлеуметтік жәрдем көрсету туралы және қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған студенттер екі дипломға ие болатынын айтты.

«Ережеге сәйкес, 2020-2021 оқу жылына оқуға қабылданған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге ректор гранты тағайындалған. «Алтын белгі» иеленіп, сонымен қатар спорттық жетістіктерге жеткен, жоғары балл жинаған, бірақ мемлекеттік грантқа қолы жетпеген студенттерге оқу ақысына 10%-дан 80 %-ға дейінгі аралықта жеңілдіктер жасалды.

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша студенттер біздің және серіктес университет дипломын алуға мүмкіндігі бар. Қос дипломды білім алу бойынша Экономика және қаржы институты (Қырғызстан), «Чернеризец Храбрый» Варна еркін университеті (Болгария)  жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасалған», -деді брифинг қонағы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.