Жамбылда қоныстой көбеюде

0 161

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бүгінде сан мыңдаған қазақстандық алыс болып көрінген арманын жақындатып, баспаналы болу бақытына кенелу мүмкіндігін сыйлауда.

Баянды бағдарлама Жамбыл облысында да тиімді жүзеге асып, жыл сайын мыңдаған шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, биыл тұрғын үй құрылысына 21,9 миллиард теңге бөлініпті.Ал «Нұрлы жер»бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы республикалық және облыстықбюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метр(4 482 пәтерлі) 76 көпқабатты үй салынуда. Салынып жатқан тұрғын үйлердің 39 — ыжалға берілетін, 37 — і кредиттік.

– Облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 33460тұрғын тіркелсе, 6 288-і көпбалалы отбасы (17,4 пайыз), 15 366-ы әлеуметтік осал топтағылар (46,8 пайыз), 2 819-ы жетімбалалар (8,8 пайыз), 8 983-і бюджеттік мекеме қызметкерлері (6,9 пайыз).

2021 жылы пәтер кезегінде тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1402 пәтерлі 30 арендалық және 1500 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 2902 отбасы баспаналы болады.

Биылғы жылдың өзінде 26 көпқабатты үй пайдалануға беріліп үлгерді.

Жеке меншік және инвестиция қаражаты есебінен 5 компания 9 көпқабатты үй салуда.Жалпы ауданы 36,8 мың шаршы метр. Бүгінгі таңда 3 жеке меншік компанияға ИКИ-мен әлеуметтік тұрғын үй салу үшін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы жер учаскесі берілді. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген «7-20-25» бағдарламасыаясында 236 өтініштің 1,0 миллиард теңгеге 121-імақұлданды.Сондай-ақ «Отбасы Банк» АҚ арқылы 2021 жылы жалпы1564 адам 13,3 миллиард теңгеге несие рәсімдеп, баспаналы болған, – дейді Ерлан Орынбаев.

Басқарма басшысы ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен облыс бойынша 372,8 мың шаршы тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 106,0 пайызға жеткенін айтады. Жалпы 2021 жылға облысқа қойылған меже 651 мың шаршыметр.Дегенмен межені 114 пайызға орындаужоспарлануда.Қыркүйек айының қорытындысымен 493,8 мың шаршы метр орындап, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 114 пайызға орындалу күтілуде.

Халықты баспанамен қамтуда өткен жылы облыс Бердібек Машбекұлының бастамасы аясында бастау алған «Асарлатып үй салу» жобасы да шарапатын тигізуде. Жарқын жобамен 2020 жылы 99 тұрғын үй пайдалануға, биыл 138 үй құрылысы аяқталып, баспанаға мұқтаж азаматтарға берілетін болады.

Осылайша облыста құрылыс қарқыны жыл санап артып, ел қуанышын еселеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.