Жамбылда 7 оқушыдан коронавирус анықталды

0 450

 Коронавирус кеселі оқушыларды да айналып өтпеді. Ағымдағы жылдың 1-7 сәуір аралығында індетті Жамбылдағы 7 мектеп оқушысы жұқтырған.

 Оның 4-і  қашықтықтан оқып жатқандар болса, 1-і әжесінен жұқтырыпты. 2 оқушы тұмау белгісімен түскен. Қазір облыстық Білім басқармасы оқушылардың барлығының жағдайы жақсы екенін, үйлерінде ем қабылдап жатқанын айтады.

Жалпы Жамбыл облысы «жасыл аймаққа» өтіп, төртінші тоқсанды 229 мектеп дәстүрлі оқыту үлгісінде бастаған болатын. Енді мына жағдайдан кейін қалай болар екен?

  Shanyraq.info 

Leave A Reply

Your email address will not be published.