Жамбыл облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

– Жамбыл облысы – спорт тарихы терең, талай саңлақтың бағын ашқан қасиетті мекен. Осы топырақтан қазақ спортының аңыз тұлғалары түлеп ұшып, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған көптеген чемпиондар шықты. Бұл – өңіріміз үшін зор мақтаныш. Ендігі міндет – даңқты дәстүрді жалғастырып, жас ұрпаққа спортпен айналысуға барынша мүмкіндік жасау. Жастар күнінде пайдалануға берілген спорт кешенінен де ел мерейін асқақтатар болашақ чемпиондар шығатынына сенемін, – деді Ербол Қарашөкеев.
