Жамбыл облысында «Стоп-Трафик» iс-шарасы кезінде 30 жеңіл жүрістi әйел есепке алынды

0 80

Жамбыл облысы аумағында республикалық «Стоп-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты қызмет ету аймағында жолаушылар поездарында адам саудасымен, оларды тартумен, ұрлаумен бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың және ұстауды анықтап,жолын кесу,алдын алу болып табылады.

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерiмен жүргізілген үш күндік іс-шара барысында жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастырушылар анықталып, ұсталды.

Iс-шара нәтижесiнде полиция қызметкерлерiмен ҚР ҚК-нің 309-бабының 1 және 2-бөлігімен 2 дерек және ҚР ҚК-нің 126-бабының 3-бөлігімен 1 дерек анықталып, 30 жеңiл жүрiстi әйел, 1 жеңгетай есепке қойылды.

Сонымен қатар, іс-шара кезеңінде бірлескен меморандум аясында «Жандану» және «Права и возможности инвалидов» мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, Шу қаласында еңбектік қанау деректерін алдын алу мақсатында шаруа қожалығы басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуi өткізілді.

Сондай-ақ, Шу қаласы аумағында орналасқан теміржол және көлік бекеттерінде, сауда орталықтарында адам саудасына қарсы күрес туралы жан-жақты мәлiметтермен қамтылған ақпараттық парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабының 1-бөлігімен (қоғамдық орындарда тиісу) 76 дерек, 450-бабымен (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй жайлар ұсыну) 2 дерек анықталып, хаттамалар толтырылды.

Жамбыл облысы Полиция департаментi азаматтарға аталған бағыттағы қылмыстың құрбаны немесе куәсi болған жағдайда тез арада полицияға хабар берудi ескертедi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.