Жамбыл облысында мектеп оқушылары шаңырақ көтерді

0 2 725

Жамбыл облысы Сарысу ауданының 15 жастағы мектеп жасындағы жасөспірімдер отбасын құрды. Кеше ғана олардың беташары болған.
Білім саласына жауаптылардан төмендегідей ақпарат алдық:

«Саудакент ауылындағы Б. Адамбаев атындағы мектептің 9 сыныбын бітірген қыз бен бала үйленді , комиссия құрылды , толық ақпарат беріледі. Комиссия қорытындысы балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау комиссия отырысына ата аналарын шара қабылдау үшін жіберілетін болады» деді олар Orda.kz тілшісіне.

Жасөспірімдердің аналарының келісіммен үйленді дейді. Ұл толық отбасынына шыққан. Ал қыз оқу жылдың үшінші тоқсанында Алматы қаласынан ауысып келген.

Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.