Жамбыл облысында 91 суару каналында қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
– Су беру көлемі су көздеріндегі нақты жағдай мен шаруалардың сұранысына қарай реттеледі. Жалпы филиал вегетациялық кезеңде су пайдаланушыларды сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарға сәйкес жалғастыруда, – деді Қайрат Аманов.
– Мемлекет басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су инфрақұрылымын дамыту және ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстап келеді. Сондықтан бүгінгі басты міндет – вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, су шаруашылығы нысандарының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және шаруаларды қажетті көлемде ағын сумен уақытылы қамтамасыз ету, – деді облыс әкімі.