Жамбыл облысында 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізіледі
— «Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген сөз бар. Бұл салаға әлі де болса өзгеріс керек.Ауылдық жерлерде ветеринариялық қызмет көрсету өз деңгейінде дамымай отыр.Ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмегені көрініп тұр. Алдағы уақытта мал дәрігерлерінің жалақыға қатысты мәселелері қайталанбауы тиіс.Бюджет қаржысына қарап отырмай, ақылы қызметтен түскен табыстан ішкі қажеттіліктерді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру керек.Малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, соның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауға алу қажет, — деген облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты міндеттет жүктеді.