Жамбыл облысынан «Nur Otan» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізімге енетін 5 үміткер анықталды
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.
Партияның Праймеризіне қатысып, аумақтық филиалдардың кезектен тыс конференцияларында дебатқа түсу арқылы үздік шыққан 15 партия мүшелерінің арасынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар анықталды. Партия облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында әр қайсысы өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, бір-бірімен пікірсайысқа түсті. Конференция делегаттары электронды дауыс беру арқылы ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат болып баратын 5 үздікті анықтады. Делегаттардың дауыс беру қорытындысы бойынша Жамбыл облысында тізімге партия Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы Мәден Мұсаев, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілі Мейрамбек Төлепберген, денсаулық сақтау саласының өкілдері Гүлдар Нұрымова мен Гулам Омаров, сондай-ақ Байзақ ауданынан жас мектеп директоры Сұлтан Өсербаевтар енді.
Айта кетейік, республика бойынша қорытынды тізім 25 қарашада партияның XX Съезінде бекітіледі.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелері бойынша партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев пен төрағаның орынбасары Мәди Мәтен хабарлама жасады.
Сондай-ақ, конференция барысында аймақтық сайлауалды бағдарлама бекітіліп, «Nur Otan» партиясының XX Съезіне Жамбыл облысынан қатысатын 25 делегат сайланды. Олардың қатарында партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, төрағаның бірінші орынбасары Балабек Нарбаев, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері – «Казфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, жүзуден халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері Зульфия Габидуллина, Қазақстан Республикасының экология геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов, партия аудандық филилы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, партия ардагерлері Масат Берік, Қасымхан Төлендиевтер бар.
Облыс бойынша барлық деңгейдегі 206 мәслихаттық орынға 391 адамнан тұратын партиялық тізімдер жасалып, партия облыстық және аумақтық филиалдарының конференцияларында бекітілді.
Еске сала кетсек, Праймеризге қатысқан кандидаттардың 270-і (35,2%) әйелдер, 221-і (28,8%) 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і (3,6%) көп балалы аналар, 29-ы (3,8%) қандастар және 8-і (1,0%) мүмкіндігі шектеулі жандар. Кандидаттардың 111-і (14,5%) бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, 656-ы (85,5%) өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланды.
Электронды дауыс берудің нәтижелерін және кандидаттар тізімін primaries.kz. сайтынан қарауға болады.