Жайылымдар ахуалы алаңдатады

0 30

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында «Жайылымды жер ең алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Әсіресе Алматы, Түркістан облыстарынан арыз-шағымдар көп түсуде. Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр – деп, Үкіметке бос жатқан жайылымды жерлерді еліміздің Бас прокуратурасы арқылы жыл соңына дейін қайтарып алуды тапсырған болатын.

Бүгінде Сарысу ауданында аталған аудан әкімінің орынбасары Олжас Көөкейдің айтуынша, мал жаюуға болатын 507915,14 гектар жер бар екен. Бұл аудан аумағының 16,19 пайызына құрайды.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңы талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану жоспары мен схемасы бекітілді. Аудан бойынша ағымдағы жылы ауыл тұрғындарында 14025 сиыры, 4365 жылқысы, 115 776 уақ мал бар екені анықталды. Шаруашылық құрылымдарда 7171 сиыр, 2785 жылқы, жеке шаруашылықтарындағы 93551 қой-ешкі бар. Оның жайылымға шығатыны 12879 мүйізді ірі қара, жылқы – 3755, уақ мал – 84048. Ал барлық жайылымдық жердің көлемі 1 914 108,7 гектар. Қазіргі таңда Жаңатас қаласы мен Түркістан ауылдық округтерінде мал басына қарай 22135 гектар жайылым жетіспей отыр. Талдау нәтижесі өзіндік қосалқы шаруашылықтарға жайылым жер  жетіспегенімен, агроқұрылымдарда бекітілген жайылымдардың артық екендігін көрсетті. Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15 бабында ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан 64 581 га ортақ пайдаланымдағы жайылымдар жергілікті, халықтың қолындағы аналық (сауын) мал басын ұстау үшін берілетіндігі көрсетілген. Басты мәселе тұрғындардың барлық малды жылдың төрт мезгілінде де ауылда ұстауы болып отыр. Осыдан барып елді мекендер маңындағы жайылымдардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналып, халықтың наразылығын тудырып әлеуметтік желілерде жиі көтерілуде. Бұл ауыл тұрғындарының жергілікті өзін-өзі басқару субьектісі ретінде қолданыстағы заңнамадан туындайтын құқықтары мен міндеттерін білмейтіндігін көрсетеді. Сондықтан халық арасында заңнаманың нормаларын түсіндіру жұмыстарын жолға қоюды қолға алдық – дейді О.Көкей.

Жерге деген сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында аудандағы босалқы жер қорындағы жерлердің 24149 гектары ауыл шаруашылығы жеріне айналымға қосылатын болыпты. Жылдың қорытындысы бойынша 67573 гектар ауыл шаруашылық жерлерінің ішінде 66953 мың гектар жайылымды шаруа қожалықтарға беру көзделіпті. Осыған байланысты  ауыл әкімдері ауыл тұрғындарымен бірлесіп елді мекендегі малдарды, яғни сауын малдан басқасын орман қорындағы жайылымдарға шығару ұсынылып отыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.