Жайылманың болашағы жарқын

0 76

Жайылма ауылдық округі 1992 жылы 20 ақпан айында құрылған. Жалпы аумағы 348 881,9 га құрайды.   Ауылдық округте 4 ауыл орналасқан (Жайылма, Қызылдихан, Маятас және Ақтам) орталығы Жайылма ауылы. Аудан орталығына 40 шақырым қашықтықта. Жалпы халық саны — 3814 адам.

Ауылдық округте, Әкімшілік тарапынан көктемгі екі айлық сенбілік жұмыстары аясында, 423 ескеру парақшалары таратылды және сонымен қатар 29 тонна  күл–қоқыс арнайы орынға шығарылды.

Округ бойынша, 1200 қара тал мен 1100 жеміс тал көшеттері, барлығы 3340 түп тал көшеттері отырғызылды және сонымен қатар, Жаңатас қаласы мен  басқа да ауылдық округтерге 12 000 түп қара тал көшеттері — тегін берілді.

Ауылдық округте алты айдағы салық түсімдері бойынша: Жоспар — 1 132 000 теңге, түскені — 2 274 160 теңгеге, 200 % орындалып отыр. Оның ішінде (Мүлік және жер салығынан жоспар — 110 000 теңге, түскені – 54 280 тенге, 49,3 % орындалып отыр. көлік салығынан жоспар — 1 000 000 тенге, түскені — 2 165 832 теңге, 216 % орындалып отыр).

Мүлікті жалға беруден жоспар: 22 000 тенге, түскені – 54 048 тенге. 245 % орындалып отыр.

Ағымдағы жыл басынан. қоғамдық негіздегі жұмысшылар саны 11 адам.

Ауылшаруашылығы малдарына сырға салынып қозғалысы статистикалық есепке алынған, тұрақты қадағаланып отырады.

Шаруа қожалықтары мен жеке ауладағы малдардың барлығы белгіленген тәртіп бойынша, эпизоотияға қарсы емделіп отыр.

         «Конго — Қырым геморрагиялық қызбасы»ауруынан қорғау, кене шағудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жоспарлы жүргізілді, Жайылма,Қызылдиқан, Маятас, Ақтам ауылдары мен малшы ауылдарды дәрілеу жұмыстарының 1 және 2 — кезеңі толығымен аяқталып, 3– кезең бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Жайылымдарды суландыру — инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды, сумен қамтамасыз ету (құдықтар мен ұнғымалар қазу) жобасы» аясында: 2021 жылы ауылдық округ бойынша 19 ШҚ – пен келісім шарт жасасып, сол 2021 жылы 7 ШҚ: «Жассамға» ШҚ, «Батыр» ШҚ, «Ел-Саят» — ШҚ, «Шадияр» ШҚ, «Жеңіс» ШҚ, «Мухтар» ШҚ, «Байқоныр» ШҚ, «Асхат» ШҚ, «Құмбел» ШҚ, «Еркаман» ШҚ — тары ұнғыма құдық қазып және қосымша (су — электр насосы) берді.

2022 жылы 8 ШҚ – қа: «Иматай» ШҚ, «Мақсат — 2007» ШҚ, «Кенжебек» ШҚ, «Ералы» ШҚ, «Нұржігіт» ШҚ, «Айгерім» ШҚ, «Елемес» ШҚ және «Дулат» ШҚ  — тары құдық қазып берді. Бұл жұмыстар жалғасын табуда:

Жалпы мемлекеттік бағдарламаларға қосымша «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жоспарлық бөлінісінде Жайылма ауылдық округ бойынша 150 азаматқа 537 960 000 тенге берілуі жоспарланып, осыған сәйкес тиісті құжаттары жинақталған болатын.

Аталған жоба аясында ауылдық округтен бір «Нұр — Тілеу» кооперативі құрылды, басшысы Оспанов Нұртілеу деген азамат. Бүгінгі таңда, қажетті жер телімдерін (барлығы 267,2 га жер алды, оның 200 га суармалы, 48,3 га егістік, 19 га мал жайылымдық жер) алды, осы жоба аясында ауыл шаруашылығына қажетті бірнеше техника түрлерін алуды жоспарлап отыр.

  1. Ловол 1304 тракторы – 1 дана
  2. Трактор YTO – 1 дана
  3. Беларусь 82,1 тракторы – 1 дана
  4. Соқа ПЛН- 3-35 – 1 дана
  5. КУН 0,8 – 1 дана
  6. Пресс подборщик ПР-Ф-145 – 2 дана
  7. Культиватор 8 м — 1 дана
  8. Дождевалька – 1 дана
  9. Опрыскиватель – 1 дана
  10. Картофелесажалка полунавесная — 1
  11. Картофелекопатель КТН — 2В — 1
  12. Сеялка точного вывеса – 3 дана
  13. Сенокосилки (Герман) – 2 дана
  14. Прицеп тракторный 2ПТС-6 – 2 дана
  15. Молоковоз – 1 дана
  16. Танкер – 1 дана
  17. Доильный аппарат – 2 дана

Сонымен қатар 150 жоба, 174 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.                  

Ауылшаруашылығы малдарына сырға салынып қозғалысы статистикалық есепке алынған, тұрақты қадағаланып отырады.

Шаруа қожалықтары мен жеке ауладағы малдардың барлығы белгіленген тәртіп бойынша, эпизоотияға қарсы емделіп отыр.

         «Конго — Қырым геморрагиялық қызбасы»ауруынан қорғау, кене шағудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жоспарлы жүргізілді, Жайылма,Қызылдиқан, Маятас, Ақтам ауылдары мен малшы ауылдарды дәрілеу жұмыстарының 1 және 2 — кезеңі толығымен аяқталып, 3– кезең бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

                          Асар жобасы аясында:

2020 жылы Жайылма ауылының тұрғыны, толық емес отбасы Айгүл Абажановаға 7 бөлмелі үй салынып, пайдалануға берілді.

2021 жыл ішінде Жайылма ауылы, Қ.Байзақов көшесі № 24 үй тұрғыны толық емес отбасы және көп балалы ана Мая Баймағамбетоваға 5 бөлмелі үй толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

2022 жылы Жайылма ауылының тұрғыны, көп балалы және аз қамтылған отбасы санатына жататын Күләш Кетпенбаеваның жаңадан салып бастаған 7 бөлмелі үй құрылысын, аяқтап беру жұмысы жалғасын табуда..

Алдағы уақытқа жоспарланып отырған шаралар:

1.«Ауыл Ел-бесігі»бағдарламасы бойынша 2022 жылы, орта жөндеу жұмыстары Жайылма ауылы Ә.Абішұлы көшесі ұзындығы 0,250 км, Қ.Шалабайұлы көшесі ұзындығы — 1,360 км, Б.Нұғманов көшесі ұзындығы — 0,660 км, Қызылдихан ауылы Жаңа көше ұзындығы -0,680 км және Т.Күлшеев пен Б.Серікбаев көшелерінің қиылысы ұзындығы — 1,440 км, жол орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.