Үндістанда өзеннен отызға жуық COVID-19 құрбаны табылды

0 195

Үндістанда Буксар қаласындағы Ганг өзенінен отызға жуық мәйіт табылды. Аймақ әкімшілігі мәйіттер көрші шататтан келуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Алайда жергілікті тұрғындар Times of India басылымының тілшілеріне жағалау маңындағы елді мекендерде адамдар кремация мен жерлеу отыны қымбат болғанына байланысты мәйіттерді өзенге тастайтынын айтқан.

Кейін өзенде коронавирус жұқтырған адамдардың мәйіті табылғаны хабарланған. Куәгерлер мәйіт саны жүзден аса болуы мүмкін деп мәлімдеді. Оқиғаға байланысты адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Олар инфекцияның таралуынан қорқады.

Билік өкілдері суды мәйіттен тазартуды бастаған. Кремация рәсімге сәйкес жүргізіледі, ал шығындарды шатат басшылығы көтереді.

Айта кетейік, Үндістан коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша әлемде екінші орында тұр. Елдегі COVID-19 жағдайларының жалпы саны 22,2 миллионнан асқан.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.