Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама

0 124

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласының жария­лан­ғанына, міне, бүгін төрт жыл толып отыр. Ежелгі аталары­мыз «Өз тарихын білген ел ешкі­м­нен жеңілмейді» дегеніндей, Елба­сының бағдарламалық мақала­сында халқымыздың тарихи санасын қалыптастырудың басым бағыттары айқындалған.

Сол себепті, бұл бағдарламаны – қо­ғамға рухани жол көрсетіп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген идея деп түсінеміз. Осы орайда, ең әуелі атап өтерлік оқиға – Елбасының бағдарламалық мақа­ласында атап өтілген басым бағыт­тарды айқындап, оның іске асырылу те­тіктерін қамтамасыз етумен бірге, жоспарланған жұмыстарды жүйе­лендіру, бағдарламаны іске асыруды әдіс­на­малық және талдамалық сүйемелдеу, өңірлік жобалық офистердің қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №225 қаулысымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты құрылған болатын.

«Бұл институттың басты міндеті – заманауи бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғам құру барысында, осыған қатысты барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеп, ғылы­ми негізделген тұжырымдамамен қамта­масыз ете отырып, бағдарламада көрсе­тілген 6 бағыт пен 17 түрлі жобаны жаңғыртудың стратегиялық тәсі­лін әзірлеу және қатысушыларды әдісте­мелік жұмыспен қамтамасыз ету, олар­дың құзыреттілігін арттыру», дейді инсти­туттың басқарма төрағасының орын­ба­сары, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарова.

Осы орайда, жоғарыда атап өтілген алты бағытқа жеке-жеке тоқталар бол­сақ:

Прагматизм – ұлттық және жеке ресурстарды нақты білу, оларды үнемді жұмсау, өз болашағын жоспарлай білу, ысырапшылдықтан, менмендіктен бас тарту;

Бәсекелік қабілет – ұлттың ай­мақ­тық және әлемдік нарықтарда материал­дық қана емес, сонымен қатар жоғары сапалы зияткерлік өнімді ұсына білу қабілетін арттыру;

Білімнің салтанат құруы – «білім – болашақта табысқа жетудің ең іргелі факторы» атты идеяны дәріптеу;

Эволюциялық даму – қоғамның бейбіт, зорлық-зомбылықсыз қайта құрылуы;

Сананың ашықтығы – бұл сананың үш ерекшелігін білдіреді. Атап айтқанда: күл­лі әлемде не болып жатқанын түсіну; жаңа технологиялық ағым әкелетін өз­ге­­ріс­терге дайын болу; өзгелерден үй­рене отырып, олардың тәжірибиесін қа­был­дау;

Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлт­тық сана шеңберіндегі өзгеріс және оның кейбір белгілері өзгерген кезде ұлттық «мендік» ішкі өзекті сақтай білу.

Жоғарыда атап өтілген алты бағыт әрбір қазақстандықтың бойында бо­луға тиіс қасиеттерді дамытуға бағыт­талған. Осы орайда бұл алты бағытты жүзе­ге асыру мақсатында 17 жоба қарас­ты­рылған. Олар: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім», «Қазақ тілін латын әліп­биі графикасына көшіру», «Ауыл – ел бесігі», «Архив-2025», «Ұлы дала­ның ұлы есімдері», «Түркі әлемінің гене­зисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен тех­нологиялар музейі», «Тарихтың кино өне­рі мен телевизиядағы көрінісі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жы­лы» және прагматизм, сананың ашық­тығы бағыттарының жұмысын жандан­дыру мақсатындағы арнайы төрт жоба: «Еңбек – елдің мұраты», «Құқық­тық мәдениет» тақырып қосылып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.