«Үйінде құлап түсіп, көз жұмды»: Алматыда перзентхана қызметкері вакцина салдырған соң қайтыс болды

0 33
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында WhatsApp мессенджерінде тарған №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болды деген видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл дерек бойынша комиссия құрылды, кешенді тексеру жүргізілуде. Оған жан-жақты баға беретін сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бұл іске объективті баға беріледі», — деді Байғабылов баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, WhatsApp мессенджерінде тарған видеода №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы айтылған еді.

Желіде тараған видеода қаза табуышының туыстары, оның вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап, қатты қалтырағанын айтады.

«Түнде оған сорпа бердік, бірақ одан жақсармады. Таңғы сағат 6-да туысым әйелін оятқысы келген, бірақ ол тұрмаған. Біраз уақыт өткен соң күйеуі әйелін қайта оятып, содан соң оның қайтыс болғанын түсінген», — дейді қаза табуышының туыстары.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният перзентхана қызметкерінің өліміне коронавирусқа қарсы екпе себеп болды деп сеніммен айтуға болмайтынын жеткізді.

«Коронавирусқа қарсы вакцинадан көз жұмғандар туралы дерек тіркелмеді. Алматыдағы әріптесіміздің өліміне қатысты ақпаратты тексердік. Ол вакцина салдырған соң екі күннен кейін үйінде құлап түсіп, қайтыс болғанын атап өткім келеді. Қолда бар дерек бойынша, ол жүректің ишемиялық ауруынан көз жұмды», — деп түсіндірді министрлік өкілі брифингте.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.