«Үйде отыр, отыр, отыр дейді»- жаңадан шыққан тағы бір ән жұрттың ызасына тиді

0 599

TikTok-та тараған бейнеклипте орындаушы бейәдеп сөздер қолданып, кәрі қыздардың тағдырын жеткізгісі келгендей болған.

Пікір білдірушілер бұл туындының қасында кешеден бері хитке айналған Алина Шакиеваның «Ұйқым келмейді» әні әлдеқайда мықты деген баға беріп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Gaarah деген есімді иеленген орындаушы өз әніне «Қыз жыры» деген атау берген екен. Бұл туынды қазақтың феминистік әні деп түсіндіріліпті. Әнші қыздардың тағдыры жайлы сөз қозғап, тыйымдарды сынға алған. Қайырмасына келгенде тіптен қатты кетіп, боқтық сөз қолданады.

Жұртшылық әншінің қылығын қатты сынға алған. «Масқара», «Өте ұят», «Ұйықтап кетемін деген дұрыс мынаған қарағанда» деген пікірлер жазылыпты. Қазақтың тілін, өнері мен сахнасын аяққа таптамау керек деген де ойлар айтылған.

Әннің толық нұсқасы: https://aitube.kz/video?id=52b5e52d-33fa-4681-a892-88e326957a9e

Leave A Reply

Your email address will not be published.