Утилизациялық алым алу мерзімі 2023 жылға шегерілді

0 196

Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

Президенттің утилизациялық алым алумен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деген тапсырмасын орындау үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Утилизациялық алым мөлшерлемесін қайта қарау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

«Кеше, 27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Серікқали Брекешев.

Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылар және өндірушілермен талқылаудан соң қабылданды.

«Атамекен» ҰКП утилизациялық төлем әдістемесіне түзетулер ұсынды. Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі. Жобаны мемлекеттік органдар мақұлдаса, іске аспақ.

Бұған дейін утилизациялық алымды жинап келген «Оператор РОП» басшысы екі айға қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.