Түркия ресейлік әскери кемелерге Қара теңізден өтуге тыйым салды

0 2 145

Түркия билігі ресейлік әскери кемелердің Қара теңіз бұғаздары арқылы өтуіне тыйым салды. Бұл туралы Facebook желісінде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Осы аптада Украинаның Анкарадағы елшісі Василий Бондарь Түркия үкіметінен Ресей кемелері үшін Босфор мен Дарданелді жабуды сұрады. Ол «Ресей әскери кемелерінің Украина жағалауында болуы ел үшін қауіпті» деп атап көрсетті.
Бұған дейін Ресей басқа флоттардан алты ірі десанттық корабльді ауыстырып, Қара теңізде айтарлықтай әскери-теңіз тобын шоғырландырды.
Монтре конвенциясына сәйкес, әскери қақтығыс болған жағдайда Түркия «дұшпандық елдердің» әскери кемелері үшін бұғаздарды жаба алады.
Ал Cumhuriyet газетінің хабарлауынша, Түркия ресейлік әскери кемелердің түрік бұғаздары мен Босфор бұғаздары арқылы өтуіне шектеу қоймады.
Еске салсақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО-ның Украинаға қатысты жағдайда тиісті шешім қабылдамағанын және батыстың оған деген көзқарасы достықтан алшақ екенін айтты.

– Батыс, Еуроодақ елдері және НАТО Украинаға қатысты табандылық көрсете алмады. Барлығы оған кеңес береді. Батыстың Украинаға деген көзқарасын достық немесе ынтымақтастық деп санауға болмайды, – деді президент Ердоған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.