Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша екі рекорд жаңартты
istockphoto.com
2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді. Олардың көбі Түркістан облысында тіркелді. Сонымен қатар бұл өңір елдегі туу деңгейі ең жоғары аймақтардың қатарына енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, егіздер ең көп туған өңірлер:
Түркістан облысы — 263 жағдай;
Алматы қаласы — 245 жағдай;
Алматы облысы — 175 жағдай.
Үшемдердің саны бойынша бірден үш өңір бірінші орынды бөлісті. Түркістан облысында, Атырау облысында және Шымкент қаласында үш-үштен үшем дүниеге келген. Бұл әр өңірде тоғыз баладан деген сөз.
Қалған облыстарда мұндай жағдайлар сирек тіркелген.
Осы кезеңде төртемдер дүниеге келмеген.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы төрт айында елімізде жалпы саны 99,4 мың сәби өмірге келген.
Статистика бойынша туу деңгейі ең жоғары өңір — Түркістан облысы. Мұнда әр мың тұрғынға шаққанда 19,75 нәрестеден келген.
Екінші орында — Шымкент қаласы (19,39).
Үшінші орында — Маңғыстау облысы (19,28).
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283374-turkistan-oblysy-bala-tuu-korsetkisi-boiynsa-eki-rekord-zanartty