Тұрғындар көгілдір отынмен 100 пайыз қамтылады

0 196

Тұрғындар көгілдір отынмен 100 пайыз қамтылады

Т.Рысқұлов ауданындағы 42 елді мекеннің 24-не көгілдір отын тартылған. Биыл газ кірмеген 18 ауылдың 10-на (Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Каменка, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қазақ, Жаңатұрмыс) газ тарту жұмыстары жүргізілмек. Мұндай қуанышты хабармен Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте бөлісті.
— 1 ауылдың (Шолақ-Қайыңды) жобасы мемлекеттік сараптамада. Осы жұмыстардың нәтижесінде газдандыру мәселесі аудан көлемінде 100 пайызға шешіледі.
Қалған 7 елді мекен (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді, Қорағаты станциясы) халық санының тиісті нормадан аз (50 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған.
Бұдан бөлек былтыр облыстық мәндегі 3 жолға (Құлан ауылына шығыстан, солтүстіктен және батыстан кіреберіс) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 17 елді мекеннің 91 көше жолдары орташа жөндеуден өтті.
30 көшеге жаңадан жарықтандыру жүйелері (үнемді диодты шамдар) орнатылып, 95 көшенің жарық шамдары қайта жаңартылды.
Үстіміздегі жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Луговой ауылының (261346,2 мың теңгеге) 13,8 шақырымды құрайтын 13 көшесіне «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен аудан бойынша бес көшеге (Жаңатұрмыс ауылының Досымбек көшесіне 39240,0 мың.теңгеге, Жарлысу ауылының Тастанбек көшесіне 15522,0 мың теңгеге, Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов көшесіне 22414,0 мың.теңгеге Көгершін ауылы Абай көшесіне 14482,0 мың теңгеге, Құлан ауылының Ә.Тлепов көшесіне 16036,0 мың.теңгеге) орташа жөндеу мақсатында бюджетен қаражат бөлінді, — деді Е.Садырқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.