Тыныс алу жаттығуын жасау маңызды

0 188

«COVID – 19» індеті мен соның салдарынан болатын пневмония елге ойран салуын әлі тоқтатқан жоқ. Індеттің сақтық шарасын ұстанбаған, елемеген жерде өршитінін халық та түсіне бастады. Қауіпті індетті жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру қажет екені айдан анық. Дене қызуыны көтерілумен қатар, тұмауға ұқсас ауру белгісі байқалған, бас, тамақ ауырып, жөтел қысқан, әлсіздік байқалып, іші өткен адам індет жұқтырған болуы мүмкін. Дәрігерлердің кеңесімен елдер бір-бірінен індет жұқтырмас үшін адам көп шоғырланатын аумаққа жоламай, медициналық маска тағынып, антисептик пайдалануды үрдіске айналдырды. Қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану қазір әркімге таңсық емес. Ұйқының тыныш болуы, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, бөлмені желдету, жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту де сақтық шараларының ең маңыздысы. Тыныс алу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау, короновирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау, екпе салдыру өз денсаулығыңа бей-жай қарамаудың белгісі.

Бір айта кетерлігі, бұрын иммундық жүйесі әлсіз адамдар, қарттар вирусты тез жұқтырып жатушы еді. Үндістандық штамп пайда болғалы індеттің өкпені 5 күннің ішінде талқандайтыны және аурудың жасарып бара жатқаны анықталуда. Онымен дімкәстанған адамның 90 пайызы аурухана төсегіне таңылады екен. Бүгінде облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері коронавирустық инфекциямен түскен науқастарды емдеумен қатар, тыныс алудың тәсілін және дене жаттығуларын дұрыс жасауды үйретіп жатыр.

Тыныс алу жаттығулары негізінен өкпенің кең және терең тыныс алуына көмектеседі екен. Оның бұлшықеттерінің қатаюына айтарлықтай көмегін тигізетін көрінеді. Сондықтан коронавируспен ауырған адамертеңнен қара кешке дейін қимылсыз жата бермей, жағдайы ауыр болмаса, қарапайым жаттығуларды күнде жүйелі түрде жасап, өкпенің өздігінен тыныс алуына мүмкіндік беруі қажет дейді медицина мамандары. Бұл туралы облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері, тәжірибелі ревматолог Бағлан Тапаева айтып берді.

– Вирусты жұқтырған адамның айығуға әрекет жасауы, алдымен өзінен басталуы тиіс. Егер ол белсенді болатын болса және дәрігердің айтқан нұсқамаларын уақытылы орындаса, сондай-ақ көбірек қимылдаса, ағзасына тромб жиналмайды. Сондықтан, көп қимылдайтындар тез жазылады, – иБағлан Маратқызы.

Оның айтуынша, дәрігерлер науқастардың тиісті емін алып болғанын қадағалап, жағдайы көтеретіндерін дәлізге, қалғандарын палатада тыныс алу жаттығуларын жасауға үйретіп жатыр еккен.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде инфекциялық стационар ретінде ашылған ауруханада бүгінде 272 адам ем қабылдау үстінде. 330 төсекке арналған бөлімшеден осы күнге дейін 260 адам жазылып шығыпты. Қалғандары науқастар әлі де ем алуды жалғастырып жатқан сыңайлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.