Туризмді дамыту – ел саясаттың басым бағыты

0 291

Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды.

Бұл ретте Жамбыл жерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің туризм басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл өңірінің мақтанышына айналған тарихи-мәдени ескерткіштерге барып, экскурсиялық бағдарлама өткізу арықылы Жамбыл облысының туристік әлеуетін танудың қолайлы имиджін қалыптастырып, Жамбыл облысының және Тараз қаласының көрікті жерлері туралы ақпарат таратып, өңіріміздің ішкі және кірмелі туризмін дамыту мақсатында Алматы, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарының туристік индустрия өкілдерінің қатысуымен «Тараз – Ұлы Жібек жолының шипалық мекені» атты инфотур өткізілген болатын.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы туризм саласындағы үздік қайраткерлерді анықтауға арналған «Taraz Tourism Awards» туристік индустрия өкілдерін марапаттау бойынша облыстық байқау ұйымдастырды. «Taraz Tourism Awards 2021» — туризм саласындағы жетістіктері үшін байқау қорытындысы бойынша берілетін салалық марапат. Қорытынды бойынша 1-ішкі туризм бойынша Үздік туроператор, 2-келу туризмі бойынша Үздік туроператор, 3-үздік орналастыру нысаны, 4-жыл мейрамханасы, 5-жыл менеджері; 6 үздік гид-гид,  7-үздік өлкетанушы – археолог, 8-туризм саласындағы үздік волонтер, 9-туризм саласындағы үздік инвестициялық жоба, 10-үздік туристік компания, 11-туризмді ілгерілету бойынша үздік медиаресурс, 12-үздік саяхат фотографы, 13-туризм саласындағы қоғамдық белсенді, 14-шетелде аймақтың бет-бейнесі, өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін және екі арнайы номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.