Трамп: мен президент болсам, бұның бірі де болмас еді

0 548

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп АҚШ консервативтік конференциясында жақтастары алдында сөз сөйледі. Ол Украинадағы жағдайға тоқталып, президенттер мен саясаткерлерге қатысты пікірін білдірді.

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдай ешқашан болмауы керек еді, деп мәлімдегенін келтіреді  Newsmax.
Оның айтуынша, Еуропада үлкен соғыс басталуы мүмкін, ал Джо Байден «тыныштықты хаосқа, тұрақтылықты анархияға, қауіпсіздікті апатқа айналдырды».

— Барлығы түсінгендей, егер біздің сайлауымыз бұрмаланбаса, мен президент болсам, бұл сұмдық апат ешқашан болмас еді. Буш тұсында Ресей Грузияға басып кірді. Обама тұсында Ресей Қырымды басып алды. Байден кезінде Ресей Украинаға басып кірді. Мен 21 ғасырда Ресейді басқа елге басып кіргізбеген жалғыз президентпін, – деді Трамп.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Путин туралы пікірін айтты. Трамп Ресей президенті «Байденді және басқа да ақымақ әлемдік көшбасшыларды алдаа соқты» деп атап өтті. Трамптың айтуынша, Путин Батыстың санкцияларынан қорықпайды, сонымен қатар  ол Владимир Зеленскийді батыл адам деп атады.

— Сіз Америка тарихындағы ең нашар бес президентті алып, олардың ісін  біріктіріңіз, сонда да олар Джо Байден әкімшілігі небәрі  13 айда келтірген зиянды келтірмеген еді, – деді Дональд Трамп.

Бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путиннің өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне қатысты пікір білдірген болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.