Тоқаевты өлтірмек болған шетел агентіне Серікжан Біләштің қандай қатысы бар?

0 3 414

Youtube хостингінде мемлекет басшысына қастандық жасамақ болған жалдамалы жендет Аян Атығаевтың жұмбақ хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Үстіміздегі жылдың 13-мамырында жарияланған 10 секундтық бейнежазбадан асүйдегі орындықта шашылып жатқан ыдыс пен терезенің арғы жағынан көрініп тұрған көпқабатты үйдің терезелерін байқауға болады.

Қытайдағы қазақтардың құқын Батыс елдерінде қорғаушы ретінде бүкіл дүние жүзіне мына бірнеше ақпаратты жеткізгіміз келеді, — дейді кадр сыртындағы ер адам.

Дауыс қоғам белсендісі Серікжан Біләштің Youtube-арнасындағы жазбалардың бірінен алынған болуы мүмкін. Себебі Атығаевтың Біләштің басқа да материалдарын өзінің таңдаулы бейнежазбаларының қатарына топтастырғанын байқауға болады.

Өз жазбаларының басқа мақсатта қолданылып жүргенінен қоғам белсендісі де хабардар болса керек, ол Атығаевтың бар болғаны екі материал жарияланған арнасына келіп, екінші жазбасының астына әзіл аралас пікір қалдырған.

Көрініп тұр профессионал екені газ плитаға химиялық заттар қайнатып бомба жасап жатыр) әжесінің сарайынан тауып алған сары костролмен, — дейді Серік Біләш.

Біләштің меңзегені — Атығаев 20-наурыз күні асүйге ұқсас орында түсірген шағын бейнежазба. Ондағы қайнап жатқан сұйықтық пен ыдыс ҰҚК қызметкерлері күдіктіні тұтқындағаннан кейін жариялаған материалдағы көріністерге ұқсайды.

Суретте Мемлекет басшысына қастандық жасамақ болған жалдамалы жендет Аян Атығаев

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.