Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агент ұсталды

0 8 511

ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін  ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК мәліметінше, ұсталған «А» есімді ҚР азаматы бір мезгілде арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

“Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген. Бұдан өзге, ҚР-да «А» әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.