Тоқаев: Қазақстан кеденде тәртіп орнатуға кірісті

0 563

Қазақстан кеден шекарасында тәртіп орнатып жатыр, деді Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Біз кедендік шекарада тәртіпті қалпына келтіру бойынша шешуші жұмысты бастадық, оның ішінде заңсыз схемалар енгізіп, бизнеске түрлі кедергілер жасаған жосықсыз кәсіпкерлермен күресуде. Мұндай заңсыз әрекеттермен күрестің нәтижесі алыс емес екеніне сенімдімін», — деді Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжілісте сөз сөйлеп, кедендік шекарадағы, әсіресе, Қытаймен арадағы «шиеленіскен» жағдайды шешуді тапсырды.
Тоқаев көліктердің кеденде тексерілмейтінін, «салық пен баж салығы төленбегенін» айтты.
Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай басшыларының онлайн саммиті дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай өтуде. Саммитке Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай басшысы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенттері Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Гурбангулы Бердімұхамедов қатысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.