Тоқаев: Біз Ауғанстан мен оның халқын қиындықтар кезінде жалғыз қалдырмауымыз керек

0 530

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия-Үндістан саммитінде Ауғанстанды қиыншылық кезде жалғыз қалдырмау керек деді.

“Саяси көзқарастарымызға, жеке сенімдерімізге қарамастан, біз Ауғанстанды және оның халқын бұрын-соңды болмаған қиындықтар және гуманитарлық дағдарыс қаупі кезінде жалғыз қалдырмауымыз керек», — деді Тоқаев.
Президент Қазақстанның Ауғанстанға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жөнелтетінін айтты.
«Қазақстан практикалық жұмысты жалғастыруда. Ауғанстанмен өзара іс-қимыл жасау, оған азық-түлік, қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек түріндегі көмекті мерзімді түрде жіберу. Қауіпсіз және тұрақты Ауғанстан Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және тұрақты даму үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенімдімін», — деді Қазақстан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.