Тоғызтараулықтардың сұранысы жол еді

0 208

Ауданның теңгеріме 2014 жылы Жуалы өңірінен алынған Тоғызтарау ауылдық округінің бүгінгі жағдайы біршама өзгеріні туралы жергілікті жұртшылық жиі айтады. Тұрғындардың үй-жайлары жаңарып, жолдары қалыпқа келтіріліп, көпшілікке қолайлы орта жасалауда.
Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға барғанымызда орталық – Жамбыл көшесінде техника атаулының бәрі жүр. Көшенің бастапқы жолы сүріліп, жол жабындысы төселуде.
Қызу жұмыстың басы қасында жүрген округ әкімі Мұхтар Шайдаев пен тұрғындар асфальттың сапасына назар аударып, енін, тереңдігін өлшеуде.
Алғы сөзді алғыстан бастаған тоғызтараулық Жексен Серғараев: «Көшеміз ескіріп, шаң көтеріліп әбден мезі еткен болатын. Содан ағымдағы жылдың 28-ші қаңтарында аудан әкімі Сәкен Арубаевтың жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуі ауылдық клубта өтеді дегенді естіп, сонда бардық. Ауылдағы мәселені көтеріп, Жамбыл көшесін жаңартып беруін сұрадық. Аудан басшысы көшенің осы жылы жөнделетенін айтып сендірген болатын. Ал бүгін сол уәдесі орындалып жатыр. Қазір сол асфальттың сапасын тексеріп жүрген жайымыз бар. Ендігі кезекте округтегі қалған екі көше асфальттанып, жарық шамдары қойылса деген тілек бар, – дейді бізбен әңгімесінде.
Шақырымға жуық көшені асфальттау жұмыстарын «Қаратаужолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Халықтан наразылық тумасы үшін мердігер компания ені мен тереңдігін артығымен орындауда.
– Аудан орталығынан 30 шақырымда орналасқан округке Құмсуат, Жаңаөткел, Тоғызтарау елді мекендері қарайды. Жалпы 133 аулада 837 тұрғын бар болса, оларға екі мектеп, балабақша, медициналық пункт, шағын футбол алаңы, ауылдық клуб кітапхана қызмет етеді. Аудан орталығына жақын ауылдардан бөлек, шалғай орналасқан елді мекендерге де жағдай жасалуда. 2019 жылы Өрнек-Ерназар бағытындағы 7 шақырымға жуық жолға 95 млн теңге бөлініп, асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Елді мекендердегі қалған көшелерді асфальттау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, дейді – Мұхтар Бекзатұлы.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.