Тіл – ұлттың айнасы

0 731

Ұлттың қалыптасуына тілдің қосатын үлесі зор. Өйткені, тіл-ұлт мәдениетінің, тарихының бір бөлігі. Сондықтан, туған тіліміздің қолдану аясына немқұрайлы қарауға болмайды. Керісінше, оның қадір-қасиетін ұрпақ бойына сіңіріп, оған деген құрметті арттыра білуіміз қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: -Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл -қазақ тілі.

Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы керек,-деген болатын.

Тілді меңгергенде, қарым-қатынас құралына айналдыра білгенде ғана оның көкжиегі кеңейе түседі. Бұл тұрғыда жас ұрпаққа да үлкен міндет жүктеліп отыр. Өйткені, тілімізді болашақпен байланыстыратын, өрісіне жол ашатын жас буын.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қазақ тілін меңгергендер үлесі облыс бойынша 97 пайыздан асады. Облыс бойынша қазақ тілін тегін оқыту курстары жұмыс жасайды. Ондағы тыңдаушының 47 пайызы өзге ұлт өкілдері. Көңіл қуанарлық көрсеткіш.

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»,-деген екен. Осы орайда тілдің қайта түлеуіне барын салып жүрген азаматтардың еңбектерін айтпай кетуге болмас.

Тілді дамыту саясаты асығыстықты көтермейді. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын шаруа. Сол себепті болар, тіл мәселесіне келгенде түйткілдерді жан-жақты зерттеп, сараптап, ақырып жүріп, анық басып келе жатқан елміз. Мұның дұрыс бағыт екенін, межеге жетудің тиімді жолы екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Гүлзада Жұмаділ,

аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.