Тарихи-мәдени нысандарды аралады

0 285

Аудан аумағында орналасқан 47 тарихи-мәдени ескерткіш, оның 37 археологиялық, 2 сәулет (Шоқай датқа, Бибатыржарма кесенелері), 2 монумент (Данқ монументі, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған «Ер есімі-ел есінде» монументі), 6 тарихи ескерткіш (Жерлес жауынгерлер ескерткіші, Ықылас Дүкенұлы мемориалы, жерлес жауынгерлер ескерткіші, Байқадам Қашқынбаев зираты, Шоқай датқа ескерткіші, Ықылас Дүкенұлы зираты) және 75 археологиялық алдын-ала тізімге алынған тарихи орындар болып табылады.

Ал, негізгі мақсат төл тарихымызды терең, әрі жан-жақты зерттеп, түгендеу.

Тарихты түгендеу — ол болашағымыздың мәңгі болуын қамтамасыз ету.

Осы мақсатта бүгін ұлыстың ұлы күнінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев
Күйші-композитор, Ықылас Дүкенұлы, Шоқай Датқа кесенелеріне де ат басын бұрды. Қол жайып, құран бағыштады.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.