Тараздықтар базарда да вакцина қабылдай алады

0 412

Тараз қаласының «Ауыл-Береке» базарында халықты коронавируске қарсы вакцинация жасауға ыңғайластырылған 2 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеуде.

Оның құрамында вакцина салдырушылардың денсаулығын тексеріп бақылайтын 2 дәрігер,
2 вакцинатор және медициналық тіркеушілер бар. Жылжымалы кешендерде бүгіндікке 80-нен астам адамға вакцина салынды.

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары облыстың 20 емханасының базасында ғана емес, көшпелі жылжымалы бригадаларында да жүргізілуде.
Бүгіннен бастап «Ауыл-Береке» базарының аумағында № 7 және №9 емханаларға жататын екі жылжымалы медициналық кешен базасында мобильді вакцинация кабинеттері ашылды. «Спутник V» вакцинасымен алғашқы егуді «Ауыл-Береке» базарының директоры, содан кейін қызметкерлері алды. Барлық азаматтар екпе алуға ерікті түрде, өз келісімдерімен, кезекпен келді. Келушілер әуелі дәрігердің қарауынан және тексеруінен өтті.

— Екпе алған азаматтарда отыз минут ішінде реакциялар мен асқынулар байқалған жоқ. Оларға «QazCovid-in» және «Спутник V» вакцинасы туралы ақпарат берілді. Келесі егу күні 21 күннен кейін белгіленгендігі айтылып, бұл туралы ескерту телефондарына келетіндігі жөнінде де құлаққағыс қылды.
№ 7 және 9 емханалардан, СӨС орталығынан құрамы 10 адамнан тұратын медицина қызметкерлері бригадалары базарда жадынамалар мен үндеухаттарды тарата отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Егу науқаны барысында «Ауыл-Береке»базарының 1800 қызметкерін егу жоспарлануда, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Толқын Өмірбаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.