Тараздағы атыс: Үш мектеп оқушысы ауруханада жатыр

0 619

   Тараз қаласында кәмелеттік жасқа  толмаған жасөспірімдер арасындағы жанжалдың соңы үш бірдей баланың жарақат алуымен аяқталып отыр.  Бытыра  тиген  олар қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

      Полиция департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер ұсталыпты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Ал ауруханаға түскен үш кәмелеттік жасқа толмаған  жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрмаған көрінеді.

    Жалпы бұл оқиға бірер күннен бері айтылған. Алайда құзырлы органдар ресми ақпаратты енді беріп отыр. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жастар арасындағы атыс Тараз қаласына қарасты Шөлдала иінінде орын алған. Жасөспірімдер  2003-2004 жылдары туылған. Арасында мектеп оқушыларынан бөлек, колледж студенті  де бар.

Жастар арасындағы жалжал Амангелді ауылынан бастау алып, Шөлдала иінінде жалғасты деген  дерек айтылуда. Ал мылтықтан атылған оқ жасөспірімдердің аяғы және мойын тұсына  тиген деген ақпарат бар.

Қазір тергеу амалдарына байланысты көп нәрсе құпия сақталып отыр.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.