Таразда зират басында TikTok түсірген қызды белгісіз біреулер «ұрып тастаған»

0 260

Бейіт басында TikTok түсіріп, елдің ашуын тудырған тараздық бойжеткен танымал болу үшін енді ойдан оқиға құрастырған, деп хабарлайды “Информбюро”.

Ол мазарлардың жанында түсірілген бейнежазбам үшін «Қарағандыда тұратын әпкемді біреулер ұрып кетті» деп видео жазып, елдің назарын аударғысы келген.

18 жастағы Тараздың тұрғыны зиратта видео түсіріп, оны TikTok-қа салған. Жазба жарияланғаннан кейін бойжеткенге ашуланғандар, жағымсыз пікірлер жаудырған. Бұл видеодан кейін, көп ұзамай бойжеткен екінші бейнежазба жариялайды. Онда ол Қарағандыда тұратын әпкесін зиратта түсірілген видео үшін белгісіз біреулер ұрып-соққанын айтқан. Тіпті көгала қойдай көгерген суреттерін жариялаған.

Бұл ақпарат та көпшіліктің жағасын ұстатып, тіпті полицияның назарына ілікті. Алайда полиция бұны жоққа шығарды. TikTok құмар қыздың Қарағандыдағы 20 жастағы туысы Әсемай Абылай, расымен медициналық мекемеде болған. Бірақ ол ауруханада тараздық сіңілісінің кесірінен емес, тұрмыстық жағдайда жарақат алғандықтан жатқан болып шықты.

“Бұл азаматша дене жарақаттарын Тараз қаласында бейн жазба әлеуметтік желіге жарияламай тұрып отбасында алғаны белгілі болды. Ал оның 18 жастағы сіңілісі азаматшаның дене жарақаттарын алған бейне жазбасын оған ескертпей жариялап жібергені белгілі болды”, – Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.