Таразда теміржол үстінен өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы әрқашан өзекті екенін атап өтті. Президент тапсырмасы бойынша бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырудың арқасында өңірлерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда.Тараз аумағы кеңейіп, қалаға Байзақ және Жамбыл аудандарынан 14 елді мекен қосылып, халық саны 480 мың адамды құрады, бұл, әрине, көлік ағынының артуына әсер етеді. Облыс орталығында Әулиеата және Жібек жолы атауымен екі әкімшілік аудан құрылды. Жаңа көпір қос аудан арасындағы қосымша байланысты қамтасыз етіп, аймақта көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді, — деді Ербол Қарашөкеев.


