Таразда 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
— Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – әлеуметтік осал топтағы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында, – деген Ербол Қарашөкеев қоныс той иелірінің шаңырағына шаттық, бақ-береке тілей отырып, пәтер кілттері мен тұрмыстық техниканың сертификатын табыстады.
— «Өз үйім – өлең төсегім» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Ұзақ жылдар бойы күткен пәтерімізге қол жеткізіп отырмыз. Осы орайда Мемлекет басшысына, игі іске атсалысқан азаматтарға отбасымның атынан алғыс білдіремін! Барша баспанаға мұқтаж отбасылар осындай бақыт бұйырсын! – дейді ол.
