ТАРАЗ ТӨРІНДЕ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРПАЗДАРЫ КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

0 156

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Байзақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Байзақ ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты мерекелік концерті өтті.

Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шарада Байзақ ауданы көркемөнерепаздары әсем ән шырқап, қоңыр күй күмбірледі.

Бағдарлама «Шолпан» халықтық ән-би ансамблінің сүйемелдеуімен Алмахан Исабаевтың орындауында «Байзақ жері» әнімен басталып, «Әлқисса», «Қанекей тілім сөйлеші», «Шырқа даусым», «Туған жерім өз елім», «Елге сәлем», «Отан ана», «Ауылға барам», «Мақтанышым Отаным» секілді бірқатар патриоттық шығармаларға ұласты.

Сондай-ақ, «Бір тамаша ән үшін», «Неге-неге», «Беу құрбым», «Арман-ай», «Ғашықпын», «Сырғаңның сыңғыры» атты заманауи әндер шырқалса, «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі бишілерінің орындауында «Қазақ» және «Өзбек» биі сахналанады.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін аудан өнерпаздарының қатысуымен әр аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.