Тараз қаласының әкімі тұрғындарға онлайн есеп берді

0 43

Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев былтырғы жылдың қорытындысы бойынша №1 және №2 округ тұрғындары алдында онлайн форматта есеп берді.
«Өткен жылы басталған пандемия жұмысқа кері әсерін тигізді десек те, қаламызда Президент тапсырмаларына сәйкес жәнеоблыс әкімінің қолдауымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл ішінде атқарылған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамудың оң динамикасы қалыптасып отыр. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 12 нысанды іске асыруға 2 млрд. 495,6 млн. теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылуда. Олар, 2019 жылдан өтпелі Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, Жауғаш батыр көшесінің бойында II-ші көтерілім сорғы станциясын салу және «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңінің құрылыстары аяқталды», — деді қала басшысы.

Ол «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі және Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары 2021 жылға өтпелі екенін айтты.
«Сумен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы Мәмбет батыр көшесі мен қиылыстарындағы су жүйелерінің желілері ағымды жөндеуден өтсе, «Айша бибі» көшесінен бастап «Сүлейменов» көшесіне дейінгі «Төрткөл» алқабының су құбырын және Бас су имаратынан бастап 4-ші ЖЭО-на дейін диаметрі 700 мм құрайтын екінші су тартқышты қайта жаңғырту жұмыстарының жобалары аяқталып, сараптамаға ұсынылуда», — деді Қарабалаев.
Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы Абай даңғылының бойындағы Тастандиев көшесінен бастап Майқы би көшесіне дейінгі су құбырын, Каллауыр әкім көшесінің бойындағы Ташкентская көшесінен бастап Шостакович көшесіне дейінгі 400 мм құрайтын су құбырын, Дүкенұлы көшесінің бойындағы су сорғыш станциясынан бастап Элеваторная көшесіне дейінгі диаметрі 500 мм құрайтын су құбырын және Сәтбаев иінінің су құбырының сервистік желілерінің құрылыстары жүзеге асырылатын болады.
Ал, «Қарасай», «Тектұрмас» алқаптарын сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2021-2022 жылдарға ұсынылады.

Айта кету керек, қала әкімінің халық алдында есеп беруі барлық 11 округ бойынша күн сайын өтеді. Онлайн форматта өтетін бұл шараға қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы қосылып, қала басшысына сауал жолдауға болады. А.Қарабалаевтың шаһар жұрты алдындағы қорытынды есеп беруі 12 ақпанға белгіленіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.