«Тараз» индустриялық аймағында 24 жоба жүзеге асырылуда
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
2025 жылы индустриялық аймақ аумағында 3 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Олар – әк өндіру жобасы және дайын өндірістік алаңдарды салу бойынша екі жоба. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндірістік ғимараттар пайдалануға берілді.
Бүгінде шағын өнеркәсіптік аймақтар аумағында есік, фиброцементті плиталар және шыңдалған шыны өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде. Сонымен қатар тұрмыстық химия өнімдерін, сутегі асқын тотығына арналған ыдыстарды және тамшылатып суару жүйелерін өндіру жобалары іске асырылуда.
Биыл көкөніс сақтау қоймасын салу, экологиялық таза такси қызметін енгізу арқылы таксопарк құру, сондай-ақ автомобильдерге арналған газ толтыру-компрессорлық станцияларын салу жобаларын пайдалануға беру жоспарлануда.