Тамызда Шу ауданында «Оқушылар сарайы» ашылады

0 299

Биылғы оқу жылының біршама бөлігі карантинге байланысты қашықтан өткізілгені белгілі. Қалыптасқан жағдайға қарамастан Шу ауданында оқушылардың толыққанды білім алуына барынша көңіл бөлінуде.

Нақтырақ айтсақ, ауданда қазіргі таңда 20 891 оқушыны қамтитын 47 мектеп жұмыс жасауда. Төртінші тоқсаннан бастап барлық оқушылар дәстүрлі режимде оқытылуда.

Онлайнда өткен оқу жылының нәтижесін Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсететпек. Өздеріңіз білетіндей, биылғы сынақ электронды форматта өтеді. Білім сынағы өткізу Төле би ауылынан «U-study» аймақтық тестілеу орталығы ашылған еді. Орталық 100 компьютермен, әр тест тапсырушы түлекті бақылайтын 100 жеке және жалпы бақылауға арналған 6 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. ТЕстілеудің әділ өтуі үшін метал​ іздегіш, детектор құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

Жалпы, 2020-2021 оқу жылын 1 029 түлек аяқтамақ. 2021 жылдың 30 сәуірі мен 30 маусымы аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін бүгінгі күнге өтініш берген түлектер саны 601-ді құрап отыр.

Ауданда мектептердің жағдайын жақсарту да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, биыл Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби мектебі
ғимаратының құрылысына 830 миллион, Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебіне қосымша құрылыс жүргізуге 543,9 миллион теңге бөлініп, жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар, тамыз айында «Шу-Бурылбайтал» автожолының бойынан «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.