Талпынған жас табысқа жетеді

0 146

Республикамызда орта және шағын өнеркәсіпті қолдауға арналған жобалар саны аз емес. Ал жеке кәсібін ашамын деген адамға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің де жолдары өте көп. Бүігнгі таңда осындай тиімділіктерді дұрыс пайдалана білген адамдар қайтарымсыз қаржы мен жеңілдетілген санаттағы несиені алып өз жұмыстарын дөңгелетіп отыр. Ал мемлекет тарапынан жасалынатын көмектің де көбі жастарға бағытталған.

Міне осындай шаруаның игілігін көріп отырған жастар өз облысымызда да аз емес. Олай деуімізге Т.Рысқұлов ауданындағы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржы алған 502 адамның 87-сінің жастар болуы себеп бола алады. Ал аудандағы халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Бибізура Баймұратова да мемлекет тарапынан қайырымсыз қаржы беріп көмек көрсеткен 200 тұрғынның 91-і жастар деп отыр.

– Мемлекет тарапынан көмек үшін көрсетілетін бұл бағдарламаның мақсаты — жастардың ынтасын оятып, олардың кәсіпкерлікке деген талабын шыңдау. Біз олардың қарым-қабілетіне қарай, өздерінің қызығушылдығына қарай жастарды арнайы қысқа мерізімді оқыту курсынан өткіземіз. Ал грантқа ие болғандардың барлығы да алдын ала кем дегенде 3 ай бизинстің қыр-сырын үйрететін курстан өтеді. Бұл мемлекетіміздің өз алдына кәсіп бастап, ісін дамытамын деген жастарға үлкен қолдауы, – дейді Бибізура Ерниязқызы.

Осындай бастаманың аясында жас кәсіпкер болуға талпыныс жасап жүрген қаракөзіміздің бірі – Айсұлу Қапалбаева. Ол «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында мемлекеттік грант алу мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылыпты. Бірінші бағыты бойынша «визажист» мамандығы бойынша 2018 жылы қысқа мерзімді оқытудан өтіп, биыл 583 мың 400 теңге көлемінде грант ұтып алыпты. Осылайша Айсұлу Елубайқызы с ән салоны бойынша өз бизнес идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алған. Алынған қаражатқа ол қажетті құрал-жабдықтар сатып алыпты. Қазіргі таңда жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр.

Құлан ауылының тумасы Нұргүл Сейдахметова да аталған бағдарламаның екінші бағыты бойынша курстан өткен.

– Мен осы күнді қатты армандадым, мемлекеттің қайтарымсыз қаржысына ие болу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына барып, құжаттар жинай бастадым. Нәтижесінде өзімнің кәсіп бастау жобамды жақсы қорғап 500 мың теңге грант ұтып алдым. Мен енді осы алған қаржым арқылы сән салонымды ашып, керек-жарақты дүниелермен толықтырдым. Бұл қаржы шынында кәсіп бастай алмай жүрген жастар үшін үлкен қолдау. Ары қарай бизинисті дамыту үшін мемлекет тарапынан берілетін төмен пайыздық несие алсам деген ойым бар,–дейді Нұргүл Ғалибекқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.